MU ТҮЛЕГІ РУСАНА СУЛАЙМОНОВА ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ АТАНДЫ
27.08.2026
Түлек жетістігі – елге қызметтің жарқын үлгісі
Марғұлан университетінің түлегі Русана Сулаймонова «Әділет» партиясының атынан Құрылтай мүшелігіне сайланды.
Білім ордасынан түлеп ұшқан Русана Сулаймонованың қоғамдық қызметке араласып, ел өміріне қатысты маңызды мәселелердің шешілуіне атсалысуы – біз үшін үлкен қуаныш.
Әрбір түлектің жетістігі – университет үшін зор мақтаныш. Бүгінде түлектеріміз түрлі салаларда еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Русана Сулаймоноваға жаңа белесінде сәттілік тілейміз! Ел игілігі жолындағы бастамаларына қолдау болып, атқарар қызметі жемісті болсын!