MU ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
13.08.2026
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Астана қаласында республикалық жастар конференциясы өтті.
Іс-шара барысында жастар саясатына қосқан үлесі үшін белсенді жастарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның атынан Алғыс хаттар табысталды.
Марапат иегерлерінің қатарында MU қызметкері Арайлым Сүндет. Бұл – оның жастар бастамаларын қолдауға және жастар саясатын дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағасы.
Арайлымды лайықты марапатымен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер тілейміз!

