THINK. RESEARCH. INSPIRE.: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27.10.2026
Марғұлан университетінде Шет тілдері апталығы аясында медиадидактика мен цифрлық оқыту технологияларына арналған «Think. Research. Inspire.» атты іс-шара өтті.
Іс-шараны Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы А. М. Ахметбекова ұйымдастырды. «7М01732 – Ағылшын тілі және медиадидактика» білім беру бағдарламасының магистранттары өздерінің зерттеу идеяларын таныстырып, шет тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерімен бөлісті.
Қатысушылар цифрлық медиаресурстарды, ойын технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану мәселелерін талқылады. Сондай-ақ олардың білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға және интерактивті оқу ортасын қалыптастыруға қосатын үлесіне назар аударылды.
Кездесу жас зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды ортаға салуына және ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.


