ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚ ҰРПАҚ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
28.10.2026
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, тарихи маңызы зор міндетті айқындады. Ол – қуатты экономикасы, дамыған инфрақұрылымы және әрбір азаматқа лайықты өмір сүру жағдайлары қалыптасқан, заманауи әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құру.
Мемлекет басшысы болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз тек ұлттық байлықты сақтаумен шектелмейтінін атап өтті. Біздің міндетіміз – әрбір адам өз қабілетін жүзеге асырып, елдің дамуына үлес қоса алатын мемлекет қалыптастыру.
Осындай болашақтың негізі – адами капитал, ал оны дамыту сапалы білім беруден басталады деп сенемін. Сондықтан мұғалімдер даярлайтын және келер ұрпақтың дамуына берік негіз қалыптастыратын педагогикалық жоғары оқу орындарына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Президент 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Бұл Павлодар өңірінің дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашады. Мектептер, ғылыми орталықтар мен оңалту мекемелерінің құрылысы білікті мамандар даярлаумен қатар жүруге тиіс.
Margulan University үшін бұл – заманауи мектептің сұраныстарына жауап бере алатын, цифрлық технологияларды тиімді қолданатын және әрбір баланың қабілетін ашуға жағдай жасайтын педагогтер даярлау сапасын одан әрі арттыру деген сөз.
Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – мұғалімдерге түсетін артық жүктемені азайту және олардың кәсіби қадір-қасиетін қорғау. Мұғалім өзінің басты миссиясына – сапалы білім беруге, жауапты ұрпақ тәрбиелеуге және балалардың бойындағы қабілеттерді дамытуға баса назар аудара алуы керек.
Жаңа мемлекет құру дегеніміз – заманауи инфрақұрылым қалыптастырумен ғана шектелмейді. Ең бастысы – елдің одан әрі дамуын қамтамасыз ететін, білімі мен біліктілігі жоғары азаматтарды даярлау. Педагогикалық университет ретінде біз өз миссиямызды осындай мамандарды даярлаудан және сол арқылы Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосудан көреміз.
Алтынбек Нухұлы
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы - ректор


