Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN UNIVERSITY ҰЖЫМЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАДЫ

28.10.2026

Бүгін Margulan University басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы Жолдауының тікелей эфирдегі трансляциясын бірге тыңдады.

Қатысушылардың Мемлекет басшысының ғылымды ұзақ мерзімді дамытуға, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғыртуға және әділетті қоғамды қалыптастыруға бағытталған бастамаларға ерекше назар аударды.
Тікелей эфир аяқталған соң қатысушылар ел дамуының маңызды тарихи кезеңінде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру жолында қоғам бірлігі мен ортақ жауапкершіліктің маңызын атап өтті.