"Foundation" бөлімі
Foundation бөліміне қабылдау
2026-2027 оқу жылына «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Foundation бөліміне 5 қыркүйекке дейін оқуға конкурстық негізде тыңдаушыларды қабылдайды.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ жастары дайындық тобына оқуға түсе алады.
Дайындық тобына қабылдау https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007406 Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
І- қадам
Тіркелу мерзімі: 2026 жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында.
Тіркелу үшін көрсетілген мерзімде қағаз түрінде Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі 60, №1 оқу корпусы, 104 кабинетке немесе priem_kom_517@mail.ru электронды поштасы арқылы электронды түрде төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:
Қажетті құжаттар тізімі:
- электрондық немесе қағаз түрінде қабылдау туралы өтініш;
- шетел азаматының жеке басын куәландыратын паспортының электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы, нотариат куәландырған аудармасы;
- ұлты қазақ анықтама (Моңғолия азаматтары үшін арнайы анықтама, ҚХР азаматтары үшін азаматтық куәлік, Өзбекстан, РФ, Түркіменстан азаматтары үшін туу туралы куәлік, Иран Ислам Республикасы, Ауғаныстан азаматтары үшін мемлекеттік мекеме ұсынған арнайы анықтама немесе қандас куәлігі), нотариат куәландырған аудармасының электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
- білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы және мөрдің аудармасын қоса алғанда, нотариат куәландырған сканерленген аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болған жағдайда).
Ескерту: электронды түрде тіркелу кезінде өтінішті басып шығару, өз қолыңызбен толтыру, сканерлеу арқылы басқа құжаттармен бірге электронды поштаға жіберуіңіз қажет. Әр құжат жеке документ ретінде сканерленіп, өз атауымен PDF форматта сақталып, (мысалы ұлты қазақ анықтама, шетел паспорты т.б.) бір хатпен көрсетілген электронды поштаға жолдану қажет.
ІІ- қадам
Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес дұрыс болған жағдайда тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға «Қабылданды» деген хабарлама жолданады. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, себебі көрсетілген хабарлама жіберіледі. Үміткер құжаттарын реттеп, конкурсқа қатысу үшін 5 қыркүйекке дейін қайта тіркелуіне мүмкіндігі болады болады.
ІІІ- қадам
Конкурстық негізде қабылдау емтиханы: 2026 жылдың 10-15 қыркүйек аралығында Эссе жазу және Әңгімелесу (сұхбат) түрінде офлайн немесе онлайн (ZOOM бағдарламасында) жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалардың «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ
дайындық бөліміне оқуға түсу бойынша өтетін емтиханның негізгі тәртібі
Емтихан ІІ кезеңнен тұрады:
І кезең:
Ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап үміткер (талапкер) эссе жазады.
Эссе тақырыптарының нұсқалары:
- Қазақстан – менің тарихи Отаным
- Менің Қазақстанда білім алғым келеді
- Қазақ халқының салт-дәстүрі
- Білім – болашаққа бастар жол
- Менің болашақ мамандығым
- Менің Қазақстандағы болашақ жоспарым
- Менің отбасымдағы ұлттық құндылықтар
- Жастар және ел болашағы
- Туған тілдің адам өміріндегі маңызы
- Мен Қазақстанның дамуына қандай үлес қоса аламын?
- Мен және менің досым
- Әлкей Марғұлан Хаканұлы туралы не білемін?
ІІ кезең: Сұхбаттасу. Комиссия мүшелері тыңдаушыға ашық сұрақтар қойды.
Сұрақтар нұсқалары:
- Өзіңіз туралы айтып, өзіңізді қысқаша таныстырсаңыз;
- Дайындық бөліміне оқуға түсудегі мақсатыңыз қандай?
- Болашақта қандай маман иесі болғыңыз келеді?
- Қандай қызығушылықтарыңыз бар, оқудан басқа немен айналысқанды ұнатасыз?
- Адамдармен тез тіл табыса аласыз ба?
- Марғұлан университеті туралы не білесіз?
- Қандай өнеріңіз бар?
- Отбасыңыз туралы қысқаша баяндап беріңіз;
- Қазақстан туралы не білесіз?
- Ең сүйікті пәніңіз қандай?
Емтихан кезеңдерінің нақты өтетін күні, уақыты және орны туралы қосымша хабарланады!
Мекенжай: Павлодар қаласы «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ, «Foundation бөлім», Олжабай батыр көшесі 60, №1 оқу корпусы, 104 кабинет.
Телефондар: +7 (7182) 55 55 05, +7 701 4070736