MU ТҮЛЕГІ ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ АТАНДЫ
27.08.2026
Жаңа белес – үлкен сенім
Марғұлан университетінің түлегі Жарқынбек Амантайұлы «Әділет» партиясының атынан Құрылтай құрамына депутат ретінде енді.
Жарқынбек Амантайұлының елдік мәселелерді талқылап, қоғамның дамуына бағытталған жұмыстарға араласуы – оның азаматтық белсенділігінің көрінісі. Университет қабырғасында алған білімі мен жинаған тәжірибесін ел игілігіне жұмсауға бағыт алғаны біз үшін қуанышты.
Түлектеріміздің қоғамдық өмірге араласып, ел дамуына өз үлесін қосып жүргені – университет үшін үлкен мақтаныш.
Жарқынбек Амантайұлына жаңа қызметінде абырой, толағай табыс тілейміз! Ел сенімін ақтап, халық игілігі жолындағы еңбегі жемісті болсын!