MARGULAN UNIVERSITY-ГЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ 10 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ.
04.08.2026
Margulan University-ге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының 10 білім гранты бөлінді.
Өтінім бере алатындар:
Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырып, педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсу үшін шектік ұпай жинаған ауылдық, шағын және моноқалалардың мепктеп бітіруші түлектері
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
мүгедектігі бар тұлғалар;
мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан тұлғалар.
Грант аясында оқу ақысына жылына 1 миллион теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, оқу жылының 10 айы бойы ай сайын 60 мың теңге шәкіртақы төленеді.
Құжаттар 2026 жылғы 17 тамызға дейін қабылданады.
Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Margulan University студенті атаныңыз!