МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ: КӘСІБИ ДАҒДЫНЫ ЖЕТІЛДІРУ
29.08.2026
24–28 тамыз аралығында Марғұлан университетінің Құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы өтті.
Курсқа Павлодар және Екібастұз қалаларынан, сондай-ақ Павлодар ауданынан келген тыңдаушылар офлайн және онлайн форматта қатысты.
Оқу барысында қатысушылар:
мемлекеттік тілде құжаттарды дұрыс құрастыру және ресімдеу дағдыларын жетілдірді;
құжаттамалық қамтамасыз етудің құқықтық және нормативтік негіздерімен танысты;
заманауи цифрлық құралдарды кәсіби қызметте тиімді қолдану тәсілдерін меңгерді.
Курс тыңдаушылардың мемлекеттік тілді кәсіби ортада еркін әрі тиімді қолдану құзыреттерін арттыруға бағытталды.
Курс авторы: Е.Ғ. Асылбеков – Басқарма аппараты кеңсесінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 12 маусымдағы №291 бұйрығымен құрылған Салалық кеңестің төрағасы.

