Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАДЫ

01.09.2026

Жаңа оқу жылын Марғұлан университеті алдағы кезеңнің негізгі міндеттерін талқылаудан бастады. Университетте құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында оқу жылына дайындық барысы, жұмыстың басым бағыттары және қабылдау науқанының қорытындылары талқыланды.

Биылғы қабылдау науқаны жоғары нәтижелермен аяқталды. Жаңа оқу жылында университетке бакалавриат бойынша 1 590 студент, магистратураға 170 білім алушы және докторантураға 23 докторант қабылданды.

Университеттің екі студенттік жатақханасына бүгінде 787 студент орналастырылды.

Оқу жылының басталуына орай университетте жөндеу жұмыстары толық аяқталып, оқу аудиториялары дайындалды. Жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтардың қатарында білім беру үдерісінің сапасын арттыру, студенттерге қолайлы жағдай жасау және алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру бар.

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректор Алтынбек Нухұлы университет ұжымына академиялық мәселелер жөніндегі жаңа проректорды таныстырды. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор қызметіне Асылбек Қасенов тағайындалды. Оның білім беру саласында 24 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Жаңа оқу жылы Марғұлан университеті үшін даму мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды кезең болмақ.