МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БИЗНЕСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23.11.2026
Марғұлан университетінде «Бизнес және экология» атты кездесу өтті. Салалық ведомство өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер, ғалымдар мен студенттер өнеркәсіптік өңірде қоршаған ортаға зиян келтірмей кәсіпті қалай дамытуға болатынын талқылады.
Шарада Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бас маманы Гүлдана Қозыбаева, «ЖаСа KZ» ЖШС және «Ақбет» футбол клубының басшысы Жасұлан Адамов, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Жомарт Кәрімов, «Sunsup» ЖК басшысы Владимир Ключников баяндама жасады.
Спикерлер нақты мысалдар негізінде бүгінде облыста экологиялық бақылау қалай жүргізіліп жатқанын және жергілікті кәсіпорындарда қандай бастамалар іске асырылып жатқанын егжей-тегжейлі түсіндірді. Кездесу қатысушылары интерактивті тақырыптық викторина барысында өз білімдерін сынап көрді.
Мұндай кездесулер кәсіпкерлік қауымдастық пен экология саласы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ қоршаған орта мен табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.



.jpg)

