Перейти к содержимому страницы.

БЕРІК МАТАЕВ ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ) АТАНДЫ

20.11.2026

Margulan University оқытушысы Берік Айтбайұлы Матаевқа 50300 – «Білім беру» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Тиісті шешім 2026 жылғы 16 қарашадағы № 770 бұйрық негізінде ресми түрде бекітілді. Бұл жетістік — ғалымның отандық білім мен ғылымды дамытуға қосқан сүбелі үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегінің нәтижесі.

Margulan University ұжымы Берік Айтбайұлын кезекті ғылыми белесімен шын жүректен құттықтап, зерттеу және оқытушылық қызметіне толағай табыс тілейді!