«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЗИЯТКЕРЛІК ВИКТОРИНА ӨТТІ
20.11.2026
Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша («Тарих және қоғамтану» мамандығы) 1–2 курс студенттеріне «Студенттер арасындағы заң мен тәртіп» тақырыбында зияткерлік командалық викторина форматында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара болашақ педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыруға, буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға, академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.
Командалық сайыс барысында студенттер университеттің ішкі тәртіп ережелері, заңды жауапкершілік түрлері мен шұғыл қызмет нөмірлері (102, 112, 1424) бойынша білімдерін тексерді. Сонымен қатар студенттік ортада кездесетін түрлі жанжалды жағдайларды талдап, оларды құқықтық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырды.
Викторина қорытындысында қатысушылар құқыққа сай мінез-құлық дағдыларын бекітіп, заң талаптарын сақтау мен өзара құрмет қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі шарттары екенін атап өтті.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)