МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
20.11.2026
Марғұлан университетінде өткізу режиміне жауапты қызметкерлерге арналған жоспардан тыс нұсқама өтті. Кездесудің басты мақсаты – нысандардағы қауіпсіздікті күшейту және жоғары оқу орнының мүлкін сақтауды қамтамасыз ету.

Күзет қызметкерлерімен кездесуді құқық қорғау органдарының өкілі, полиция капитаны Мирас Мұхтаров өткізді. Қатысушылар ғимаратқа кіреберісте құжаттарды қатаң тексеру мен келушілерді өткізу ережелерін, материалдық-техникалық құндылықтардың сақталуын, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау мәселелерін талқылады. Персоналдың жоғары қырағылығы мен штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
