Перейти к содержимому страницы.

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ – ЖАСТАР САНАСЫНДА

22.04.2026

Margulan University қабырғасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің басшысы Ерік Есенов қатысып, студенттерге «Заң мен тәртіп қағидаты аясында жастардың құқықтық санасын қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында спикер құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, заң талаптарын сақтау – әр азаматтың басты міндеті екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол жаңа Конституция жобасын студенттермен бірге кеңінен талқылап, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті күшейту мәселелерін жан-жақты түсіндірді.

Аталмыш жиында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық салаға қатысты пікір алмасты. Мұндай тағылымды шаралар жастардың заңға деген құрметін арттырып, олардың қоғамдағы белсенді азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді.