УНИВЕРСИТЕТТЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ
18.04.2026
2026 жылдың 14–17 сәуір күндері Margulan University оқу корпустарында өрт қауіпсіздігі жағдайына арналған эвакуациялық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.
14 сәуір күні №1 оқу корпусында өткен жаттығуға корпус әкімшісі Н. Н. Данилина, қауіпсіздік инспекторы Г. Х. Имангазина, электромонтер С. А. Тельнов, сантехник А. А. Федий, гардероб қызметкері, құрылымдық бөлім басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам, университет қызметкерлері, кезекші вахтер, күзетші және студенттер қатысты. Барлығы 78 адам эвакуацияланды.
15 сәуірде №4 оқу корпусында өткен жаттығуға жоғары колледждің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директор орынбасары М. Канапьянова-Айдарғалин А. К., тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары А. М. Тардакова, корпус әкімшісі Ж. Б. Шапкенова, қауіпсіздік инспекторы Г. Х. Имангазина, электромонтер К. К. Молдабеков, сантехник Д. Д. Қабдешев, сондай-ақ қызметкерлер мен студенттер қатысты. Барлығы 124 адам эвакуацияланды.
16 сәуір күні №5 оқу корпусында өткен жаттығуға корпус әкімшісі Н. Т. Алкамова, қауіпсіздік инспекторы Г. Х. Имангазина, электромонтер К. М. Жамбаев, сантехник К. Калиев және университет қызметкерлері мен студенттер қатысты. 72 адам қауіпсіз жерге шығарылды.
17 сәуірде №6 оқу корпусында ұйымдастырылған жаттығуға корпус әкімшісі Г. К. Акажанова, қауіпсіздік инспекторы Г. Х. Имангазина, электромонтер К. М. Жамбаев, сантехник К. Калиев және өзге де қызметкерлер мен студенттер қатысты. Барлығы 85 адам эвакуацияланды.
Өткізілген оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – төтенше жағдай кезінде әрекет ету дағдыларын жетілдіру және университет ұжымының қауіпсіздік деңгейін арттыру болды.
