Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ҮШІН ЫМДАУ ТІЛІНЕН САБАҚТАР ӨТУДЕ.

11.12.2025

Марғұлан университетінің құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығының базасында Павлодар облысы Ақсу қаласының «АсБАЛ» Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері үшін «Кедергісіз коммуникация: ымдау тілінің базалық курсы» атты курсы басталды.

Оқытуды педагогика ғылымдарының магистрі, дефектолог-мұғалім, тәжірибелі педагог-сарапшы Жетписова Динара Жумабаевна жүргізеді.

Курс бағдарламасы тыңдаушыларда есту қабілетінен айрылған және нашар еститін адамдармен қарым-қатынас жасаудың негізгі дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылар ымдау тілінің әліпбиімен және цифрлық жүйесімен танысады, негізгі қимылдар мен сөз тіркестерін, сондай-ақ есту қабілеті нашар адамдар қауымдастығындағы қарым-қатынас мәдениеті мен этикетінің ерекшеліктерін үйренеді.

Бұл курс мамандарға кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге көмектеседі және коммуникация барлығына қолжетімді болатын инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.