ТҮЛЕК–2026: ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ҚАДАМ
04.07.2026
Марғұлан университетінде 2026 жылғы түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті.
Биыл университетті 1395 түлек тәмамдады. Оның ішінде 602 түлек мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алды.
Білім беру деңгейлері бойынша:
• Бакалавриат — 1290 түлек (545-і мемлекеттік грант иегері);
• Магистратура — 100 түлек (53-і мемлекеттік грант иегері);
• Докторантура — 5 түлек (4-і мемлекеттік грант иегері).
211 түлек үздік диплом иегері атанды.
Түлектерге ізгі тілегін білдірген академиялық мәселелер жөніндегі проректор Айгүл Жұмабекова жас мамандарға кәсіби табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тіледі.
Барша түлектерді маңызды белеспен құттықтап, алдағы өмір жолында толағай табыс тілейміз!