ТАЙЧИК ЖАМИЛЯ ЕРБОЛАТҚЫЗЫ – «ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ.
11.07.2026
Тайчик Жамиля Ерболатқызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі.
Ол АҚШ-тың University of Illinois Urbana-Champaign университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, Big Data Analytics және Predictive Analytics бағыттарындағы заманауи әдістерді меңгерді.
Қазіргі уақытта Жамиля Ерболатқызы Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде аға оқытушы және Жаратылыстану жоғары мектебі вице-деканы қызметтерін атқарады. Ол «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторанты.
Ғалымның зерттеу бағыттарына үлкен деректер аналитикасы, жасанды интеллект, білім беру аналитикасы, білім беруді цифрландыру және білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін бағалау мәселелері кіреді.
Жамиля Ерболатқызы жоғары білім беру жүйесін дамытуға белсенді үлес қосып келеді. Ол Scopus деректер базасында индекстелетін және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған еңбектердің авторы.
Сонымен қатар халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға тұрақты қатысады.
Жамиля Ерболатқызының ғылыми тағылымдамадан алған тәжірибесі, кәсіби қызметі мен ғылыми ізденістері туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыз.