ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ: ӨТКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
25.10.2026
Margulan University-де тарихи мұраны дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған Тарих апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Апта аясында студенттер Қазақстанның маңызды тарихи оқиғалары мен көрнекті тұлғалары туралы білімдерін толықтырып, танымдық және мәдени-ағартушылық іс-шараларға қатысты.
«Своя игра» тарихи викторинасы — магистранттар ұйымдастырған зияткерлік сайыс. Қатысушылар тарихи білімдерін ортаға салып, эрудициялары мен тапқырлықтарын сынады.
Республика күніне арналған дөңгелек үстелді университет докторанттары ұйымдастырды. Қатысушылар Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін және ұлттық құндылықтардың қоғамдағы маңызын талқылады.
Тарих апталығының қорытындысында ұйымдастырушылар мен қатысушылардың белсенділігі атап өтіліп, осындай бастамалардың жастардың дүниетанымын кеңейту мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы рөліне назар аударылды.
Тарихты тану — өткенді құрметтеп қана қоймай, бүгінгі күнді терең түсініп, болашаққа саналы көзқарас қалыптастырудың маңызды жолы.
Margulan University жастардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.