«СВОЯ ИГРА» – ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС
16.04.2026
2026 жылдың 16 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Margulan University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 1–2 курс студенттері арасында «Своя игра» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.
Ойынды ИШ-32 тобының студенттері Руденко Богдан мен Абдулхамидов Марсель жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту және логикалық ойлау қабілетін дамыту болды.
Ойын қорытындысы бойынша бірінші және екінші жүлделі орындарды 1-курс студенттері иеленсе, үшінші орынды 2-курс студенттері жеңіп алды.
Іс-шараның дайындалуы мен өткізілуін қауымдастырылған профессор Н. Е. Кузембаев қадағалады.

