Перейти к содержимому страницы.

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНЫҢ ИНАУГУРАЦИЯ

30.05.2025

Бүгін Марғұлан университетінде Студенттік парламенттің президенті мен жаңа құрамының салтанатты инаугурациясы өтті.

Әлеуметтік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Серік Ілиясов Студенттік парламенттің алдыңғы құрамына атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа құрамға сәттілік тілеп, оларға арнайы куәліктер табыстады.

Студенттік парламенттің төрағасы болып Ерасыл Серікұлы, ал төраға орынбасары болып Нұрай Жаңбырбаева тағайындалды. Ерасыл Серікұлы ант қабылдап, өз қызметтік бағдарламасын таныстырып, ресми түрде президент лауазымына кірісті.

Павлодар облысы бойынша студенттік омбудсмен Д. Шәріпов Марғұлан университетінің омбудсмені қызметіне Ұлжан Әсетті тағайындады. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы жастар қанатының төрағасы Мерғали Жүсіп студенттік декандарды тағайындады: Шыңғыс Әбдірақманов (Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі), Аяулым Тұрсынбек (Құқық жоғары мектебі), Нұрдәулет Өзбекбай (Жаратылыстану жоғары мектебі).

Студенттік парламенттің жаңа құрамының инаугурациясы – университеттегі студенттік қауымдастықтың өміріндегі маңызды кезең. Студенттік парламент университет басшылығы мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің бастамаларын қолдауға және студенттік өмірді жақсартуға бағытталған түрлі жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Жаңа құрамдағы барлық мүшелерді шын жүректен құттықтаймыз және табысты еңбек тілейміз!