СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ-ДАЛАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
20.06.2025
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің, география және география-тарих мамандығының 2 курс студенттері оқу (физ-географиядық) практикасының алғашқы аптасын Торайғыр көлі жағасына жақын жерде өткерді. Практика барысында топографиялық құралдар арқылы жергілікті жердің салыстырмалы биіктерін өлшеу, полярлық түсірілімдер жасау, тау жыныстарының орналасу ерекшелігін анықтау, геоморфологиялық қима түсіру, туристік құрал жабдықтарды қолдану арқылы өткелдерді бағындыру және құзға өрмелеу секілді әдіс-тәсілдерін меңгерді. Сонымен қатар тау-спорттық туризмі элементтерін қолдана отырып Ақбет шының бағындыру шаралары ұйымдастырылды. Оқу-далалық жағдайда палатка құру, тамақ дайындау, бірлесіп жұмыстарды атқару арқылы ұйымшылдық, ізденімпаздық дағдыларының дамуына жағдай жасалды. Атаулы практиканың екінші аптасында есеп құжаттарын даярлаумен қатар, Павлодар қ. Алюминий зауыты, Қазақстан электролиз зауытына экскурсиялар ұйымдастырылды. Практика соныңда студенттеріміз өз есеп құжаттарын сәтті қорғап, тиісті бағаларын иеленді. Оқу-далалық практиканың мәнді де мазмұнды өтуіне жағдай жасаған университетіміздің Басқарма-төрағасы, ректор Ержан Әмірбекұлына, қолдау білдіруші мансап орталығының басшысы М.А. Байтанаеваға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.