Перейти к содержимому страницы.

МU ОҚЫТУШЫЛАРЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

27.02.2026

Кеше Павлодардағы Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған семинар өтті. Аталмыш жиында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптары мен университеттің комплаенс-қызметінің жұмысы талқыланды.

Шараның ұйымдастырушысы, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Шерхан Коканов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарындағы жауапкершілік түрлері мен қолданыстағы заңнамадағы жаңашылдықтар жайлы ой бөлісті. Сонымен қатар кездесу барысында 2022–2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері жан-жақты қарастырылды.

Спикер бүгінде Марғұлан университеті жоғары этикалық стандарт, ашықтық пен адал қарым-қатынас қағидаттарын ұстанатынын айтты. Оның айтуынша, университет корпоративтік мәдениетті жүйелі түрде дамытып, басқарудың үздік тәжірибелерін қолдана отырып, іскерлік беделін нығайту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Жиын соңында комплаенс-офицер қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қатаң жауапкершілік көзделгенін еске салды.