СЕМИНАРДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ: ФИНЛЯНДИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
17.06.2026
Марғұлан университетінде профессор-оқытушылар құрамына арналған «Future Educator Pro» халықаралық тағылымдамасының қорытындылары» атты семинар басталды.
Семинардың алғашқы күні қатысушылар Финляндияның білім беру жүйесінің негіздерімен, оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен және Лахти қаласындағы білім беру ұйымдарының тәжірибесімен танысты.
Іс-шара барысында мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мәселелеріне, сондай-ақ балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Хельсинки қаласындағы білім беру ұйымдары мен білім беру орталықтарына жасалған сапарлардың нәтижелері таныстырылды.
Семинар соңында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар халықаралық тәжірибені отандық білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.