РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ "ЖАҢА КҮН" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ
19.02.2026
Кеше Марғұлан университеті DaMU орталығының басшысы Азат Бусурманов пен жуырда «Жас талант» байқауына қатысып, Ташкент пен Грузияға жолдама алған студенттер «Жаңа күн» бағдарламасының қонағы болып, сайыстағы алған әсерлерімен бөлісті.
Жуырда «Resol star» шығармашылық орталығы Естай атындағы мәдениет сарайында республикалық байқау өткізді. Онда өңіріміздің талантты жастары өнер көрсетіп, өзара бақ сынасты. Сайыс қорытындасы бойынша Марғұлан университетінің студенттері Назира Қабышева, Әділ Қайыржанов, Әлфараби Қасқатай, Аяулым Мажит ұлттық аспаптағы әуендерімен көрермендердің көңілін аулап, бас жүлдеге ие болды.
DaMU орталығының басшысы Азат Бусурманов студенттер Мuza таланттар үйірмесінің жетекшісінің қолдауымен және өздерінің жеңіске жету деген талпыныстары арқасында осындай жетістікке қол жеткізгенін айтты.
Өнерімен өрге жүзген жастарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы байқауда жеңіске жетуіне тілектеспіз!