РЕКТОР ШАХМАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
02.06.2026
Бүгін Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы жуырда шахматтан өткен жарыста жүлделі орындарға ие болған студенттермен арнайы кездесті.
Кездесуге Өнер және спорт жоғары мектебінің студенттері Азиз Темирбулатов пен Натан Кертаев, спорт жөніндегі әдіскер Карлығаш Иманбаева, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенті Айдана Жақсыбаева және Жаратылыстану жоғары мектебінің студенті Ақмарал Бектас қатысты.
Ректор Ержан Әмірбекұлы студенттерді жеңістерімен құттықтап, олардың жетістігі тек өздерінің ғана емес, бүкіл университеттің абыройын арттыратынын атап өтті.
– Шахмат – ойлау қабілетін, табандылық пен стратегиялық көзқарасты қалыптастыратын ерекше спорт түрі. Сіздердің жетістіктеріңіз басқа студенттерге үлгі болады. Университетіміздің намысын жоғары деңгейде қорғап, үздік нәтиже көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деді ректор.
Кездесу барысында студенттердің алдағы жоспарлары талқыланып, олардың спорттағы және білімдегі жетістіктеріне табыс тілінді.



