РЕКТОР ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
29.04.2026
2026 жылы университет студенттері пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Жалпы саны 12 команда білім бәйгесінде бақ сынады.
Осы орайда Марғұлан университеті ректоры – Басқарма төрағасы Ержан Әмірбекұлы жүлделі орын иеленген студенттермен арнайы кездесу өткізіп, олардың жетістіктерін атап өтті. Кездесу барысында ректор студенттердің табандылығы мен ғылыми әлеуетіне жоғары баға беріп, алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Бірінші орын иегерлері
Пәндік олимпиадалардың қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болған студенттердің қатарында «Физика-математика» білім беру бағдарламасының студенті Ярослав Басов болды. (жетекшісі: А.К. Сейтханова).
Жаратылыстану бағытындағы (химия, биология, география) халықаралық олимпиадаға Әлфараби Шәкәрім, Тамерлан Бегембет, Максим Ли қатысты.
(жетекшісі: Р.Ж. Муканова)
Екінші орын жүлдегерлері
«Физика» ББ бойынша Ярослав Басов, Алихан Жуканов, Хосылбай Хурметбек
(жетекшісі: А.К. Сейтханова)
«Педагогика және психология» ББ бойынша Рабиға Ғалым, Аяулым Иманжапарова, Томирис Айтмухамбет (жетекшісі: Г.С. Аяпбергенова)
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» ББ бойынша Ақерке Ахтанова, Айжан Кулубаева, Самал Рамазан, Амина Ануварбекова
(жетекшісі: Л.М. Мұсатіла)
«Арнайы педагогика» ББ бойынша Камила Ахметова, Ақбота Токен, Балнұр Қазбек, Арина Холодька
(жетекшісі: А.К. Мурзатаева)
Үшінші орын иегерлері
«Биология» ББ бойынша Мерей Орынбасар
(жетекшісі: Г.Е. Асылбекова)
«Математика» ББ бойынша Ярослав Басов, Әлішер Ұзақбай, Ахмедияр Бахытбек
(жетекшісі: М.С. Бокаева)
2025 мен салыстырғанда, өткен жылы 7 команда қатысып, оның 6-ы жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда 2-орынды «Тарих», «Педагогика және психология», «Орыс тілі мен әдебиеті» , 3-орынды «Арнайы педагогика», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті» алды.
2026 жылғы нәтижелер студенттердің білім деңгейінің жоғары екенін және пәндік олимпиадаларға деген қызығушылықтың артқанын дәлелдейді. Университет алдағы уақытта да бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.



