ҚУАНЫШ ЕРҒАЛИЕВ MU СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ: ЖАСТАРҒА МОТИВАЦИЯ МЕН БАҒДАР
18.04.2026
Марғұлан университетінде Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының кеңес төрағасы және тең құрылтайшысы, мед.ғыл.докт.(MD), денсаулық сақтау магистрі (MPH) және PhD докторы, Назарбаев Университеті Медицина мектебінің профессоры, Harvard University түлегі Қуаныш Ерғалиев студенттермен кездесті. Ол «Іс жүзіндегі көшбасшылық: академия, мемлекеттік қызмет және жаһандық денсаулық сақтау саласынан алынған сабақтар» тақырыбында мазмұнды семинар-лекция өткізді.
Кездесу барысында спикер заманауи көшбасшылықтың негізгі қағидаттарын талдап, академиялық ортадағы, мемлекеттік қызметтегі және халықаралық денсаулық сақтау жүйесіндегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол кәсіби даму жолын жүйелі құру, стратегиялық ойлау, өзгерістерді тиімді басқару және саналы шешім қабылдау дағдыларының маңызын алға тартты.
Семинар ашық диалог форматында өтіп, студенттер аса белсенділік танытты. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласындағы мансаптық мүмкіндіктер мен жаһандық үрдістер жөнінде пайдалы мәлімет алды.





