ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕР !
10.09.2026
Кітап оқуды насихаттауға, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында оқу мәдениетін арттыруға және өз бетінше кітап оқудың тұрақты әдетін қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының басталғаны туралы хабарлаймыз.
«Кітап оқитын ұлт» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау мақсатында іске асырылуда.
Жоба, қатысу шарттары, жүлде қоры және ұсынылатын әдебиеттер тізімі туралы толық ақпарат https://reading-nation.kz/ ресми платформасында орналастырылған.
Сіздердің назарларыңызға оқуға арналған кітаптар тізімін ұсынамыз.
.jpeg)
