Перейти к содержимому страницы.

«ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ» – ҒЫЛЫМ ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДАҒЫ АШЫҚ ДӘРІС

14.04.2026

2026 жылдың 14 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Margulan University Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессор ассистенті, тарих ғылымдарының кандидаты Зият Шайманұлы Айткенов «Қаныш Сәтбаев және қазіргі Қазақстан ғылымының дамуы» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Дәріс барысында ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев-тың Жезқазған кен орындарын ашудағы өлшеусіз еңбегі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар академиктің Орталық Қазақстандағы тарих, этнография және археология салаларындағы ғылыми зерттеулері жан-жақты қарастырылды.

Спикер Қазақстанда ғылыми мектептердің қалыптасуы мен ядролық физика, математика, химия, экономика және басқа да салалар бойынша ондаған ғылыми-зерттеу институттарының ашылуындағы Қ. Сәтбаевтың рөліне тоқталды. Сондай-ақ оның қазіргі Satbayev University (бұрынғы Қазақ тау-кен металлургия институты) құрылуына қосқан зор үлесі айтылды.

Дәріс соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.