ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖОБАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
21.04.2026
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Марғұлан университетіне арнайы жұмыс сапарымен келді. Кездесу барысында оқу орнының ғылыми әлеуеті мен заманауи жобалары таныстырылды.
Университет ғалымдары жасанды интеллект пен цифрландыру бағытында жүзеге асырылып жатқан бастамаларды ұсынып, олардың өңірдің дамуына қосар үлесіне тоқталды. Жаңа технологияларды енгізу, деректерді тиімді пайдалану және білім беру үдерісін жаңғырту мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесуге студенттер де белсенді қатысты. Олар ауыл жастарына арналған жеңілдіктер, цифрландыру дәуіріндегі өзгерістер, сондай-ақ жастарға арналған мүмкіндіктер мен заманауи білім беру кеңістіктері туралы сұрақтар қойды. Облыс әкімі көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жастар бастамаларын қолдаудың басым бағыттардың бірі екенін жеткізді.
Университет ректоры Ержан Әмірбекұлы оқу ордасының алдағы стратегиялық бағыттары туралы ақпарат берді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, білім, ғылым және инновация саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.









