Перейти к содержимому страницы.

MU ҒАЛЫМДАРЫ БҰХАРАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

26.02.2026

Павлодардағы  Әлкей Марғулан атындағы педагогикалық университет ғалымдары Бұхара қаласында өткен ағылшын тілін инклюзивті оқытуға арналған халықаралық семинарға қатысты.

Делегация құрамында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының филология ғылымдарының кандидаты, профессор Мергүл Құлахметова және PhD докторы, қауымдастырылған профессор Айгүл Ахметова болды.

Семинарды Университет Сассекса Білім беру және әлеуметтік жұмыс мектебі Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Аталмыш шара Бұхара мемлекеттік педагогикалық институты және Азия халықаралық университетінде  өтті.

Семинардың негізгі мақсаты — Орталық Азия елдерінде ағылшын тілін оқытуды жетілдір және оқытушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін жаңа педагогикалық модельдер мен тәсілдерді қалыптастыру. Қатысушылар бұл идеяларды тәжірибеге енгізу жолдарын, кәсіби рефлексияны дамыту және болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Бұхарадағы кездесудің модераторлары профессор Саймон Томсон, доктор Кейт Перера, профессор Джулия Сазерленд, доктор Мариам Аттиа және доктор Марсело Старикофф болды. Сарапшылар Қазақстан, Өзбекстан және өзге де елдердегі ағылшын тілін инклюзивті оқытуды дамыту тәжірибесімен және жүзеге асқан мысалдарымен бөлісті.