ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЖЕҢІСІ
25.04.2026
«ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР: ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯ» форумы аясында математика және физика мамандықтары бойынша MU магистранттары Яна Солодовникова мен Жанболат Мұқыш бірінші жүлделі орынды иеленді.
Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы жас педагогтер арасында математика, физика және информатика пәндері бойынша облыстық олимпиада ұйымдастырды. Зияткерлік сайысқа 40 математика пәні мұғалімі қатысты.
Қатысушылар екі сағат бойы күрделі әрі стандарттан тыс тапсырмаларды орындап, кәсіби білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, STEM бағыттары аясында пәнаралық байланысты нығайтуға және инновациялық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.
