MU ТҮЛЕГІ МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ
31.07.2026
Марғұлан университетінің түлегі Әділет Сейткулов магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуде 134 балл жинап, Қазақстан бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Биыл ол Марғұлан университетін «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша үздік дипломмен тәмамдады. Енді Әділет оқуын өзі білім алған қара шаңырақта жалғастырып, ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсуді жоспарлап отыр.
Марғұлан университетінің ұжымы Әділетті жарқын жетістігімен құттықтап, магистратураға сәтті қабылданып, ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.
