MU СТУДЕНТТЕРІ — «IMPACT STUDENTS» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
21.05.2026
Астана қаласында РФММ филиалының базасында педагогикалық жоғары оқу орындарының 3–4 курс студенттері арасында республикалық «IMPACT STUDENTS» олимпиадасы өтті.
Зияткерлік додаға Марғұлан университетінің «Математика» және «Физика» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысып, нақты ғылымдар саласындағы жоғары дайындық деңгейі мен терең білімдерін көрсетті.
Олимпиада математика, физика және информатика пәндері бойынша ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттердің басын қосты.
Олимпиада қорытындысы бойынша MU студенттері жүлделі орындарға ие болды:
Ұзақбай Әлішер (ФМ-41 тобы) — II орын
Дукаев Тимур (М-32 тобы) — III орын
Жеңімпаздарды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Оларға толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
.jpg)
.jpg)
.jpg)