Перейти к содержимому страницы.

MU СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

25.04.2026

Орал қаласында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында физика пәні бойынша XVIII Республикалық студенттік олимпиада өтті.

Зияткерлік додаға еліміздің барлық өңірлерінен келген 14 студенттік команда қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенті Ярослав Басов жеке есепте үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ал Ярослав Басов, Алихан Жуканов және Хурметбек Хосылбай құрамындағы Марғұлан университетінің құрамасы командалық есепте екінші орынды иеленді. Команданың ғылыми жетекшісі – Айнұр Сейтханова.

Айта кетейік, 2027 жылы Республикалық студенттік физика олимпиадасы Марғұлан университетінің базасында өтеді.