MU СТУДЕНТІ БИОЛОГИЯ ОЛИМПИАДАСЫНАН ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
27.04.2026
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенті Мерей Орынбасар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше кезеңнен тұратын күрделі тапсырмаларды сәтті орындады. Нәтижесінде ол жеке есепте III орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі, профессор Гүлмира Асылбекованың айтуынша, Мерей жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше кезеңнен тұратын күрделі тапсырмаларды сәтті орындаған.
Айта кетейік, бұл білім додасы студенттердің теориялық білімін практикамен ұштастырып, кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, әділ бәсекеде үздіктер анықталды. Орынбасар Мерейдің жетістігі – табандылық пен ғылымға деген қызығушылықтың, сондай-ақ оқытушылардың сапалы даярлығының айқын көрінісі.
Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтап, алдағы жетістіктеріне сәттілік тілейміз!

