MU СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
30.04.2026
Қарағанды қаласында «Даланың қуаты» атты ашық Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден 800-ден астам спортшы қатысты.
Аталған жарыста Марғұлан университетінің намысын «Тарих» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Досмұрат Тұртбаев қорғады. Ол 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде штангамен отырып тұру жаттығуы бойынша өнер көрсетіп, 210 келіні еңсеріп, алтын медаль иеленді.
Досмұратты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

