Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

13.06.2025

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында «Қаржы орталығы» АҚ-мен ұйымдастыруымен Республикалық Мансап орталықтары форумы өтті. Бұл форум еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жоғары оқу орындарының мамандары мен жұмыс берушілерін біріктірді. Аталған форумға Марғұлан университетінің Мансап орталығының басшысы Майра Байтанаева қатысты.

Форум аясында жоғары оқу орындарының мансап орталықтары арасында тәжірибе алмасу, бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру тетіктері, жұмыс берушілермен байланыс орнату, еңбек нарығының заманауи талаптарына сай жұмыс әдістері кеңінен талқыланды.

Майра Байтанаева дөнгелек ұстөл үстінде университетіміздегі мансаптық қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, табысты тәжірибелерді ортаға салды.

Жоғары деңгейде түлектермен жұмыстарын атқарғаны үшін Марғұлан университетінің Мансап орталығы алғысқа ие болды.

Бұл форум білім мен еңбек нарығын жақындастыруға, болашақ мамандардың кәсіби жолын тиімді бағыттауға үлкен серпін беретін алаң болды.