МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА
26.06.2025
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігімен – Рейтинг (IQAA-Ranking) дайындалған 2025 жылғы Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингінде өз позициясын сақтап, үшінші орынды иеленді.
Институционалдық рейтингке 30 жоғары оқу орны қатысып, олар алты санат бойынша бөлінді: көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, педагогикалық, медициналық және өнер мен спорт саласындағы жоғары оқу орындары.
Бағалау келесі негізгі критерийлер бойынша жүргізілді: академиялық қызмет және жұмысқа орналастыру нәтижелері, сараптамалық баға, жұмыс берушілер арасындағы бедел, студенттер мен түлектердің бағасы.