Перейти к содержимому страницы.

MU МАТЕМАТИКТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

29.04.2026

27–28 сәуір күндері Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде республикалық студенттік математика олимпиадасы өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің 2-курс студенті Басов Ярослав жеке есепте 3-орынды иеленді

Сонымен қатар, Марғұлан университеті студенттерінен құралған команда — Ярослав Басов, Әлішер Ұзақбай, Бахытбек Ахмедияр командалық есепте 3-орынға ие болып, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді

Команданың ғылыми жетекшісі — Мунира Бокаева.

Студенттерімізді және ғылыми жетекшіні жақсы нәтижемен құттықтаймыз!