MU ЖАС ҒАЛЫМЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
19.06.2025
2023–2027 жылдарға арналған «Жас ғалымдар» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ арқылы Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің академиялық жұмыс жөніндегі вице-деканы, тарих магистрі Гүлзина Тұрарқызы Джалдоксимова қолайлы шарттармен баспаналы болды.
Аталған бағдарлама – Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдарына бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін берілетін жеңілдетілген несие.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, жасы 40-қа толмаған, магистр дәрежесі бар және кемінде үш жыл ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан жас ғалымдар қатыса алады.
«Отбасы банк» ұсынған «Жас ғалымдар» бағдарламасы арқылы 20 млн теңгеге дейінгі сомада, жылдық 5% мөлшерлемемен және алғашқы жарнасы 10%-дан басталатын шарттармен баспана алу – үлкен қолдау деп санаймын. Маған осындай мүмкіндік бергені үшін Әлкей Марғұлан атындағы ППУ басшылығына және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді Гүлзина Джалдоксимова.