MU-ДЕ «МАМАНДЫҚҚА ҚАДАМ» КОУЧ-СЕССИЯСЫ БАСТАЛДЫ
19.05.2026
Mарғұлан университетінде болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсетуге бағытталған «Мамандыққа қадам» атты екі күндік коуч-сессия басталды. Іс-шара Павлодар облысының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Коуч-сессияға Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің түлектері де қатысуда.
Коуч-сессия кәсіби диалог алаңына айналып, тәжірибе алмасуға және заманауи педагогке қажетті практикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік берді. Іс-шара спикерлері қатарында инновациялық орталық өкілдері, тәжірибелі әдіскерлер мен жас мамандармен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар білім саласының сарапшылары бар.
Бағдарлама барысында қатысушылар білім берудегі заманауи тәсілдермен, педагогикалық қызметтің өзекті нормативтік-құқықтық аспектілерімен танысып, жас мұғалімдер тәжірибесінде кездесетін нақты кәсіби жағдайларды талқылауда.
Коуч-сессия аясында болашақ педагогтердің кәсіби бейімделуіне, педагогикалық шеберлігін дамытуға және мамандыққа деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
«Мамандыққа қадам» коуч-сессиясы жас педагогтерді қолдау, кәсіби құзыреттерді дамыту және педагогикалық білім беру сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды.




