Перейти к содержимому страницы.

MU-де 1000-ШЫ ТАЛАПКЕР ТІРКЕЛДІ!

22.07.2026

Бүгін Marğulan University қабылдау комиссиясында 1000-шы талапкерді қарсы алды!

Ол— Жанна Ибраева, университетіміздің магистратурасына «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша құжаттарын тапсырды. Айта кетерлігі, Жанна Қайролиевна — Marğulan University-дің түлегі. Ол бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алып, енді сүйікті оқу ордасында білімін магистратура деңгейінде жалғастырмақ.

Marğulan University-ді таңдаған барлық талапкерлерге алғыс білдіреміз!

Қабылдау комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда. Болашақ студенттерімізді асыға күтеміз!