Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ

02.07.2026

Марғұлан университетінде өткен кеңейтілген Ғылыми кеңесте 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы оқу жылына арналған жаңа жобалар мен даму бағыттары талқыланды.

Кеңес барысында Басқарма Төрағасы – ректор Ержан Әмірбекұлы жоғары марапаттарға ие болған университет қызметкерлерін жетістіктерімен құттықтап, марапаттарды салтанатты түрде табыстады.

Жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры Тарасовская Наталья министрліктің Алғыс хатымен марапатталды.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Ырысгүл Шакаман қазақ тілі мен әдебиетін, тіл саясатын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін берілетін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессор-ассистенті Ботагөз Құралқанова «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие болды.

Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында толағай табыс, тың бастамалар мен жаңа жетістіктер тілейміз!