МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ – 2026» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА ІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ
15.07.2026
Павлодар қаласында өткен облыстық «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенті Ерболат Нұрбол жүлделі ІІ орынды иеленді.
Дәстүрлі байқау қазақ жігіттерінің ұлттық құндылықтарды дәріптеуіне, олардың жан-жақты қабілеттері мен азаматтық ұстанымын танытуына бағытталған. Байқауға Павлодар облысының қала-аудандарынан келген үміткерлер қатысып, білімдерін, өнерлерін, күш-жігері мен ептіліктерін сынға салды.
Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, аударыспақ, садақ ату, автоматты жинау, өнер көрсету, шығармашылық тосынсый және сұрақ-жауап кезеңдерінде өз шеберліктері мен жан-жақты дайындықтарын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша Марғұлан университетінің студенті Ерболат Нұрбол жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Марғұлан университетінің ұжымы Ерболат Нұрболды жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейді.