Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ЖЕҢІП АЛУ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

20.05.2026

 «Болашақ» халықаралық стипендиясы 30 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық жастарға әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға жол ашып келеді. Осы уақыт ішінде бағдарламаның иегерлері 10 мыңнан астам адам болды.

Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары –«Болашақ» бағдарламасының түлектері  өз оқиғаларымен бөлісуде. Бүгінде олар алған білімдері мен халықаралық тәжірибелерін білім беру және ғылыми қызметте тиімді қолданып, отандық ғылымның дамуы мен педагог кадрларды даярлауға өз үлестерін қосып келеді.