Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІСКЕ ҚАТЫСТЫ

21.05.2026

Бүгін «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Марғұлан университетінде студенттерге арналған кезекті құқықтық дәріс өтті. Іс-шара барысында әділетті мемлекет құру, заң талаптарын мүлтіксіз сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаттарын сақтау тақырыптарына ерекше назар аударылды.

Дәріске спикер ретінде Павлодар облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Данияр Каукенов пен Павлодар облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Еркеғали Жанғазы қатысты. Олар заң мен этикалық нормаларды сақтау әр азаматтың ішкі ұстанымына айналуы қажет екенін атап өтті.

Кездесу аясында университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысы да таныстырылды. Қызметтің негізгі мақсаты — университетте ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ ұйым ішіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар пікір алмасып, өз ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік алды.

Мұндай жүйелі профилактикалық кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік ұстанымы бар жаңа буынды қалыптастыруға ықпал етеді.