МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ V АЗИЯЛЫҚ ПАРА ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
23.10.2026
Марғұлан университетінің студенті Талғат Ерекеев Қазақстан құрамасының сапында Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қола жүлдегер атанды.
2026 жылғы 23 қазанда Талғат Ерекеев пен Марат Суртубаев үстел теннисінен ерлер арасындағы MD18 санатындағы жұптық сайыста қола медаль жеңіп алды.
Жарыстың жартылай финалында қазақстандық спортшылар Жапония өкілдерімен кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде отандастарымыз турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Талғат Ерекеев – Марғұлан университеті Өнер және спорт жоғары мектебінің ФКС-14с(2) тобының студенті.
Спортшыларды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
